Қорық жайлы

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Астана қаласынан 160 км қашықтықта орналасқан

Солтүстік Қазақстанның қорғалатын далалары мен көлдеріне (Сарыарқа кешенді табиғи объектісі) кіреді, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік бөлігі болып табылады.
 
Қорықтың жалпы аумағы-543171 гектар құрайды.

Қорық Оңтүстік-Батыс Теңіз-Қорғалжын ойпатында орналасқан.

Қорық флорасында өсімдіктердің  443 түрі бар, олардың 5-і Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Қорықтың фаунасы :

             - Сүтқоректілердің - 46 түрі, олардың 8 - і Халықаралық табиғатты қорғау одағына (бұдан әрі-ХТҚО) енгізілген;

             - құстар -365 түрі, оның ішінде ҚР Қызыл кітабынада - 42 , ХТҚО- 27;

             - балықтың - 15 түрі;

             - бауырымен жорғалаушылардың - 4 түрі , 1-ХТҚО;

             - қосмекенділердің - 2 түрі;

             - жәндіктердің 700-ге жуық, оның ішінде ҚР Қызыл кітабынада -7 түрі

             - тұщы су моллюскаларының - 14 түрі.

Толығырақ

НОВОСТИ СМИ о нас

Ғылым, Ақпарат және Мониторинг бөлімі.
14.10.2024
РММ «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық» қызметкерлері маңызды экологиялық акция өткізді, көктерек және терек ағаштарының 25 көшет отырғызды. Бұл бастама өңірдің табиғи ресурстарын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған. Ағаш отырғызу экожүйенің нығаюына, ауа сапасының жақсаруына ықпал етеді.
Экологиялық ағарту бөлімінің қызметі
21.10.2024
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «20 қазан Орман шаруашылығы кызметкерлер күні» мерекесіне орай, РММ "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық"    кызметкерлерін Қазақстан табиғатын қорғау және бірегей экожүйелерін сақтау ісіне қосқан елеулі үлестері үшін төс белгі мен құрмет грамоталары  және алғыс хаттарымен марапатталды.
Өрт сөндірі бөлімі
01.11.2024
2025 жылға арналған  «ҚМТҚ»РММ  арнайы техникаларын дайындау жұмыстары аяқталды.  Жоспар бойынша техниканың сенімді жұмыс істеуі үшін оны толық тексеру, тозған бөлшектерін ауыстыру және тазалау жұмыстары жүргізіледі.