Қорық жайлы

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы Астана қаласынан 160 км қашықтықта орналасқан

Солтүстік Қазақстанның қорғалатын далалары мен көлдеріне (Сарыарқа кешенді табиғи объектісі) кіреді, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік бөлігі болып табылады.
 
Қорықтың жалпы аумағы-543171 гектар құрайды.

Қорық Оңтүстік-Батыс Теңіз-Қорғалжын ойпатында орналасқан.

Қорық флорасында өсімдіктердің  443 түрі бар, олардың 5-і Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Қорықтың фаунасы :

             - Сүтқоректілердің - 46 түрі, олардың 8 - і Халықаралық табиғатты қорғау одағына (бұдан әрі-ХТҚО) енгізілген;

             - құстар -365 түрі, оның ішінде ҚР Қызыл кітабынада - 42 , ХТҚО- 27;

             - балықтың - 15 түрі;

             - бауырымен жорғалаушылардың - 4 түрі , 1-ХТҚО;

             - қосмекенділердің - 2 түрі;

             - жәндіктердің 700-ге жуық, оның ішінде ҚР Қызыл кітабынада -7 түрі

             - тұщы су моллюскаларының - 14 түрі.

Подробнее

НОВОСТИ СМИ о нас

16.05.2024 Қорғалжын қорығы-Дүниежүзілік тізімге енген ең ірі қорықтардың бірі...
Қорғалжын қорығы-Дүниежүзілік тізімге енген  ең ірі қорықтардың бірі...
ҒАжМ қызметі (ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі)
2024 жылғы 10-шы  қыркүйектен 1 қарашаға дейін құстардың күзгі көші-қонына мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері өңделеді ,алынған деректерді ғылыми басылымдарда жариялау жоспарлануда.
Экологиялық ағарту бөлімінің қызметі
24 тамызда 2024 жылы "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" РММ-нің ұйымдастыруымен Астана қаласының “Ауғанстандағы ардагерлер мен мүгедектер одағымен” бірлесе Ауған соғысының ардагері, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қызметкері-Рыбин Олег Вячеславовичті еске алуға арналған ашық спорттық XVI балық аулау турнирі өтті.