Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

🐾Үлкен даланың кішкентай тұрғындары

Алдарыңызда — жабайы табиғат өмірінен алынған әсерлі кадрлар. Бұл бүлдіршіндер әлемді енді ғана тани бастаған.
Құралай — жасына сай емес, өте байсалды. Олар көктемде дүниеге келеді, бірнеше сағат ішінде аяққа тұрып, сәл ғана қауіп сезсе, шөптің арасында тып-тыныш жата қалады.
Өзі кіп-кішкентай болса да, нағыз дала тірі қалушылары.
 Ақкістің төлдері соқыр әрі жалаңаш болып туады.Бірақ 5-6 аптада-ақ аңшылық инстинкттері қалыптасады: қууға, ұстауға, тістеуге жаттыға бастайды, ойын нақты аң аулауға дайындыққа айналады.
Торайлар жолақ болып туады — бұл оларды шөп арасында жасыруға көмектеседі. Ең алғашқы күндерінен бастап аналарының соңынан еріп, қорек табуды үйреніп, тобымен бірге жүреді — бұл олар үшін әрі қорған, әрі өмір мектебі.

 

 

Scroll to Top