2025 жылы шілде айының 6 күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Егізбаев Серік Рахметоллаұлы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының Визит орталығына барып, оның қызметімен танысты.
Сапар барысында табиғатты қорғау, экологиялық ағарту жұмыстары және өңірдегі туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Визит орталығы – ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы биоалуантүрлілікті насихаттау мен экотуризмді ілгерілетудің маңызды алаңы болып табылады.