Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы

ресми сайты

Жиі қойылатын сұрақтар

  1. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық қайда орналасқан?
    Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық Қазақстан Республикасының Ақмола облысында, Астана қаласынан шамамен 130 км оңтүстік-батысқа қарай, Қорғалжын ауылында, Р. Мадина көшесі, 20/2 мекенжайында орналасқан.
  2. Қорық немен танымал?
    Қорық ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне («Сарыарқа – Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері» нысаны) енген және қызғылт фламинго құсымен, бай биоалуантүрлілігімен, сондай-ақ Теңіз және Қорғалжын көлдерімен әйгілі.
  3. Қорыққа туристер баруға бола ма?
    Иә, тек Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорықтың білікті гидінің қатысуымен және қорғау режимін сақтай отырып ғана баруға рұқсат етіледі. Қорық аумағына жеке өз бетімен кіруге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
  4. Экскурсияға қалай жазылуға болады?
    Экскурсияға тек қорықтың әкімшілігі арқылы жазылуға болады. Барлық экскурсиялар кәсіби гидтермен жүргізіледі.
  5. Қорықпен қалай байланысуға болады?
    Экскурсияға жазылу үшін байланыс телефоны: +7 716 372 18 02
  6. Қызметтерге тарифтер қандай?
    Визит-орталықтағы экскурсовод қызметтері:
  • Ересектерге – 432,52 теңге
  • Студенттерге – 353,88 теңге
  • Балаларға – 235,92 теңге

Туристік маршруттар бойынша қызмет көрсету (бір топқа, 1-ден 10 адамға дейін, күніне):

  • 25 558 теңге
  1. Қорық аумағында фото және видео түсіруге бола ма?
    Иә, тек рұқсат етілген жерлерде ғана. Дрондарды пайдалану үшін алдын ала келісім алу қажет.
  2. Визит-орталықтың жұмыс кестесі қандай?
    Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорық визит-орталығының жұмыс уақыты:
  • Дүйсенбі және сейсенбі – демалыс
  • Сәрсенбі мен жексенбі аралығы – 08:00-17:30 (түскі үзіліс 13:00-14:30)
  1. Экологиялық маршруттар қашан ашылады?
    Экологиялық маршруттар мамыр айынан қазан айына дейін, ауа райына байланысты жұмыс істейді. Бармас бұрын визит-орталық қызметкерлерінен маршруттардың ашық екенін нақтылаған жөн.
  2. Қорық аумағында қандай ережелерді сақтау қажет?
  • Жануарларға шуламай және қауіп төндірмей қарау;
  • Қоқыс тастамау;
  • Өсімдіктерді жұлып алмау;
  • Белгіленген маршруттарда ғана гидпен бірге жүру.
Scroll to Top