Фламинго фестивалі

2005 жылдан бастап бөлім "Фламинго" фестивалін өткізеді.

Бұл Республикалық маңызы бар ірі мәдени-экологиялық-ағарту іс-шарасы

16Открытие Фестиваля фламинго г.Кокшетау.jpg

17Работы фестиваля фламинго г.Кокшетау.jpg

"Фламинго" фестивалі Қорғалжын ауданының ғана емес, жалпы республиканың брендіне айналды, бұл фестиваль осындай деңгейде елордада 3-ші рет өткізіліп отыр(2009 ж., 2015-16 жж.). Фестивальге Қазақстанның кемінде 10 өңірі қатысады. 

18Фестиваль фламинго с.Коргалжын.jpg

19Фестиваль фламинго с.Коргалжын.jpg

"Фламинго" Фестивалінің мақсаты.

- ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра нысаны-Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығына жұртшылықтың назарын аудару, оның бірегей әлеуетімен таныстыру;

- Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің биоалуантүрлілігін сақтау мәсілірді мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, қайырымдылық халықаралық қорлардың назарын аудару;

- табиғатты қорғау қызметіне жұртшылықты тарту;

- туған өлкеге, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру;

- мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар мен ҮЕҰ, ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту;

- талантты қатысушыларды анықтау және ынталандыру

20Открытие фестиваля фламинго г.Астана.jpg

21Выставки фестиваля фламинго с.Коргалжын..jpg

Байқауға қатысушылар

1.       "Фламинго" фестивалінің конкурстық номинацияларына 9 жастан асқан барлық тілек білдірушілер – оқушылар, студенттер және т. б. қатысады.

2.       Байқауға жеке және ұжымдық жұмыстар ұсынылуы мүмкін.

3.       Ниет білдірушілер бірнеше номинацияларға қатыса алады.

Әрбір қатысушыдан немесе ұжымнан конкурсқа әр номинация бойынша 3 жұмыс қабылданады

25Работы детей..jpg

26Работы детей..jpg

Жұмыстың мазмұны:


1.    Шығармашылық арқылы байқауға қатысушылар табиғатты қорғауға өз көзқарастарын білдіреді. 1, 2, 3 номинациялар бойынша жұмыстар Қорғалжын өңіріне тән пейзаждарды, флора мен фаунаны бейнелеуге тиіс.

2.    Суретшілердің жұмыстары байқауында тақырыпты жеткізу өнері бағаланады. Суреттердің форматы шектелмейді, жақтау дизайны құпталады.

3.   Қолданбалы өнер шеберлерінің жұмыстары ағаштардың жаңа бұтақтары мен құстардың қауырсындарын, тұлыптарды қоспағанда, кез-келген табиғи материалдан жасалуы мүмкін.

4.   Конкурсқа ұсынылған жұмыстар жұмысты сипаттайтын ақпаратпен, пайдаланылған материалмен және т. б. қоса беріледі.

5.     Жұмыстарды таңбалау: артқы жағында жұмыс атауы анық жазылуы керек (компьютерлік теру құпталады);Автордың аты-жөні, туған күні, үй мекенжайы, телефоны, ауданның, ауылдың, мектептің атауы.1, 2, 3 жұмыстарда номинацияларға жапсырмалар мықтап бекітілуі тиіс.

Марапаттау.

"Фламинго фестивалінің" жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталған дипломдар беріледі. Демеушілер, басқа ұйымдар және жеке тұлғалар фестиваль жеңімпаздарына немесе жеке қатысушыларға өздерінің жеке сыйлықтарын белгілей алады.