Статья 41 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях»

40-бап. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың күзет режим

        1. Мемлекеттiк табиғи қорықтың бүкiл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қорықтық күзет режимi белгiленедi, ол бойынша:

      1) аумақтың гидрологиялық режимiн өзгертетiн iс-әрекеттерге;

      2) мемлекеттiк табиғи қорықтың жұмыс iстеуiмен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желiлерiн және басқа да коммуникациялар мен объектiлер салуға;

      3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндiруге;

      4) топырақ қабатын бүлдiруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;

      5) орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитариялық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, өсімдік қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;

      6) аң аулау мен балық аулауға;

      7) жануарларды аулауға және жойып жiберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;

      8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге;

      9) мемлекеттiк табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;

      10) зиянкестерге, өсiмдiктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшiн химиялық және биологиялық күрес әдiстерiн қолдануға;

      11) үй жануарларын айдап өтуге;

      12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;

      13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрiнiсiн өзгертуге немесе экологиялық жүйелердiң орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкiн болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндiрсе, оған тыйым салынады.

      2. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерiнiң алдын алу және сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзуге жол берiледi.

      3. Қарауында мемлекеттiк табиғи қорықтар бар мемлекеттiк табиғи қорықтардың қызметкерлерiн, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттiк табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретiн құжаттар болған кезде ғана жiберiледi.

      4. Мемлекеттік табиғи қорық аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгiлi бiр дiнге сенушiлердiң құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) мемлекеттік табиғи қорық аумағы арқылы өтетiн жолдармен баруын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттік табиғи қорық тиiстi дiни бiрлестiкпен келiсiм бойынша мемлекеттiк табиғи қорық инспекторларының iлесiп жүруiмен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегін рұқсат етуi мүмкiн.