Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 10 мемлекеттік табиғи қорық жұмыс істейді. Олардың ең үлкені Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы болып табылады. Қорық Астана қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Қорғалжын көлдер жүйесі мен Теңіз көлін, сондай-ақ далалық және шөлейтті аумақтарды қосады. Қорық кеңсесінің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Мәдина Рахымжан көшесі, 20/2.
Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Орталық Азия-Үнді және Сібір-Шығыс Африка құстардың көшу жолдарының қиылысында орналасқан. Теңіз-Қорғалжын көл жүйелері Қазақстандағы және бүкіл Азиядағы құстардың ұя салатын ең маңызды сулы-батпақты алқаптарының бірі болып табылады.
Қазақ КСР Министрлер Үкіметінің 1968 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен құрылған.
— 1976 жылғы қазан — Рамсар конвенциясымен қорық «А» санаты бойынша халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілді.
— 2000 жылғы маусым — Теңіз көлі «Тірі көлдер» дүниежүзілік желісіне қосылды
— 2004 жыл — Қорықты «Көші-қон құстарының мекендейтін орны ретінде жаһандық маңызы бар сулы-батпақты басым жерлерді кешенді сақтау» СБА GEF/UNDP сақтау жөніндегі жобаға қосу.
— 2007 жыл — қорықтың көлдері «Негізгі орнитологиялық аумақтар» — IBA тізіміне енгізілді.
— 2008 жыл — ЮНЕСКО-ның Табиғи мұра тізіміне енгізілді.
— 2008 жылғы желтоқсанда — аумақты 284208 га кеңейту.
— 2012 жыл — биосфералық резерват, ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұрасы мәртебесін алу.
2025 жылғы 1 қаңтарға қорықтың аумағы 543171га құрайды, оның ішінде орман алқаптары 11560га, шабындықтар 2281га, батпақ 6956га, су астында 145832га, жол астындағы жерлер 236га, құрылыстар астындағы жерлер 33га, өзге алқаптар 108099га.
Ақмола облысы мемлекеттік қорық жері Қорғалжын ауданы шегінде, ал Қарағанды облысы Нұра ауданы шегінде, батыс бөлігінде орналасқан, қорғау аймағы шегінде — Қостанай облысымен шектеседі.
Осы аумақтың биологиялық әртүрлілігі бірегей. Оған 60 тұқымдас өсімдіктер флорасының 433 өкілі — Қазақтың шағын адырлы флорасының төрттен бірі және 1400-ден астам су және жер үсті жануарлары түрлері кіреді. Қорықта құстардың 365 түрі бар, оның ішінде ұя салатындар — 133 түрі. Теңіз-Қорғалжын көлдеріндегі құстардың сулы-батпақты кешені 112 түрден тұрады, бұл бүкіл Қазақстанға белгілі 130-ның 87% -ын құрайды. Қорықтың сүтқоректiлерiнiң 46 түрi, ихтиофаунаның 15 түрi бар. Жәндіктер толық зерттелмеген, 700-ден астам түрі анықталған, бірақ олардың түрлерінің әртүрлілігі 5000-ға жетуі мүмкін.
Қорық аумағында Қызыл Кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің 60-тан астам сирек кездесетін түрлері бар. Есепке алу деректері бойынша қорықтың көлдерінде бұйра бірқазанның (ХТҚО) әлемдік популяциясының 20% -на дейін шоғырланған және Қазақстанның Қызыл кітабына енген тағы бір сирек түр — ақбас үйректің жалпы санының 10–20%-ы. Дала бүркіті, қарабас өгізшағала жиі кездеседі, сондай-ақ жалбағай ж.б. да құстар мекендейді
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен құрылымға сәйкес мемлекеттік табиғи қорықта келесі төрт бөлім жұмыс істейді:
- Қорық қорғау қызметі бөлімі
- Экологиялық ағарту бөлімі
- Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі
- Қаржы және ұйымдастыру жұмыстары бөлімі
«Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің Қорық қорғау қызметі бөлімінің негізгі міндеті — Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңына сәйкес, қорықтық және қорғау аймақтарының шекарасы аясында ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) режимінің сақталуын қамтамасыз ету.
Қорық қорғау бөлімі құрамында 43 мемлекеттік инспектор қызмет атқарады.
Қорғалжын мемлекеттік қорығында 5 тұрақты кордон бар: КПП-1, Қаражар, Нефтеразведка, Қызыл мешіт, Нығыман, сондай-ақ 3 учаскеде жылжымалы тұрғын вагондар орнатылады. Кордондарда жыл бойы тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады. Ал жылжымалы вагондар тек жазғы маусымда қолданылады.
«Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің негізгі қызмет бағыттары мыналарды қамтиды:
— табиғи кешендер мен олардың құрамдас бөліктерін түгендеу;
— биоценоздардың, сирек және индикаторлық түрлердің жай-күйі жөнінде деректерді жинау және деректер базасын жүргізу;
— жерүсті және су экожүйелеріне мониторинг жүргізіп, мәліметтерді ҚР ЕҚТА ИСМБК жүйесіне енгізу;
— табиғи үдерістер мен өзгерістерді «Табиғат шежіресіне» тіркеу;
— табиғи кешендер мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау, пайдалану және қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.
2021–2025 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспары ҚР ЭТРМ ОШЖДК 2021 жылғы 28 қаңтардағы № К27-5-6/12 бұйрығымен бекітіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 9 қаңтардағы № 11/16-7 хаты арқылы келісілді.
2024 жылы Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі бекітілген ҒЗЖ жоспарына сәйкес алты тақырып бойынша зерттеулер жүргізеді.
Мемлекеттік табиғи қорығының кеңсесінде 2009 жылдан бастап «Құстар жұмағы» Визит-орталығы жұмыс істейді, ол негізгі залдан, тарих мен аңыздар залынан, дала, су, балалар залдарынан, қысқы бақтан, кино залынан және сувенирлік киосктен тұрады. Мемлекеттік табиғи қорығының әкімшілік ғимараты жанында балалар ойын алаңы бар. Визит-орталықта келушілерге қорық аумағы, өсімдік пен жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлілігі туралы толық ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының тізіміне енген сирек кездесетін түрлермен таныстырады.
Визит-орталықтан бастау алатын барлық экологиялық маршруттарда келушілерге гид-экскурсовод ретінде экологиялық ағарту және ғылыми бөлім қызметкерлері қызмет көрсетеді. Визит-орталық таңғы 8:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері — дүйсенбі мен сейсенбі, осы күндері профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Визит-орталықтың негізгі келушілері — мектеп оқушылары мен студенттер, Қазақстан азаматтары, туристер, жақын және алыс шетелдерден келген орнитолог мамандары, Қазақстанда аккредиттелген шетел елдерінің елшіліктері өкілдері, БҰҰДБ өкілдері, конференция қатысушылары және БАҚ қызметкерлері.
2008 жылдан бастап Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұра объектісі болып табылады.
Қорғалжын ауданы тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Олардың қатарына 3 тарихи, 1 археологиялық ескерткіш және 5 мазар мен кесене жатады.
«Қоқиқаз» және «Аққу» автокөлік экскурсиялық маршруттарында тарихи-мәдени мұра ретінде XIV–XV ғасырларға тиесілі «Бытығай»кесенесі, XVII ғасырдағы «Қаныкей» мазары, XX ғасырдағы «Дударай» стеласы көрсетілген.Экологиялық маршруттарда автокөлікке арналған 3 тұрақ орындары бар.КПП-1-де биоәжетханалар және қоқыс жинау контейнерлері орнатылған. 3 ақпараттық алаңша бар.
Қорғалжын ауылы, ҚМТҚ әкімшілік ғимараты маңында үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын ақпараттық тақтайшалармен жабдықталған:
- «IBA. Халықаралық маңызы бар негізгі орнитологиялық аумақ».
- «Ramsar».
- «Тірі көлдер».
- «Қош келдіңіз».
- «Сәтті сапар тілейміз».
- Қорықтың биологиялық алуантүрлілігінің фотосуреттері бар ақпараттық тақтайшалар.
Экскурсиялық маршруттарда, Қаражар кордонында 11 ақпараттық тақтайша және баннерлер орнатылған:
- Қорғалжын қорығы — Қазақстанның маржаны.
- Қорғалжын қорығы — ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектісі.
- «Киікті сақтайық».
- «Табиғаттағы мінез-құлық ережелері» (2 дана).
- «IBA. Халықаралық маңызы бар негізгі орнитологиялық аумақ».
- «Ramsar».
- «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра объектісі».
- «Даланы өрттен сақтайық» (2 дана).
- «Алғашқы гүлдерді сақтайық».