Сыбайлас жемқорлық әр отбасының әл-ауқатына, балаларымыздың болашағына және тұтас елдің дамуына қауіп төндіреді.Әрбір азамат бұл зұлымдықпен күреске қатысуға құқылы. Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адам мемлекет қорғауында болады және ол туралы ақпарат құпия сақталады («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, 24-бап, 3-тармақ).
Қайда хабарласуға болады?
✅ 1424 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығы (тегін, тәулік бойы)
✅ egov.kz – ЭЦҚ арқылы онлайн өтініш
✅ Ашық диалог – Төраға блогына жазуға болады
✅ Жазбаша өтініш: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы
Сыбайлас жемқорлықты бірге тоқтатайық!