Қосмекенділер 2 түрмен берілген. Қорық олардың таралу ареалдарының шекарасында орналасқан. Қорық аумағы арқылы жасыл құрбақаның (Bufo viridis) солтүстік ареалы және үшкіртұмсық бақаның (Rana arvalis) оңтүстік ареалы өтеді.
Соңғы жылдары (1990-жылдардың соңынан бастап) жасыл құрбақа қорық жағалауларында өте көп таралған түрге айналды. Оқшауланған шағын тоғандарда үшкіртұмсық бақа сирек кездеседі.
Қосмекенділер тізімі
Отряд | Тұқымдасы | Ғылыми атауы | Қазақша атауы | Орысша атауы | |
Құйрықсыз қосмекенділер | Буфонидтер (Bufonidae) | Bufo viridis Laur. | Жасыл құрбақа | Зелёная лягушка | |
Ранидтер (Ranidae) | Rana arvalis Nilss. | Үшкіртұмсық бақа | Острорылая лягушка |